• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:35:19
Алматы
+12°

Арыс қаласындағы жарылыстан үйлері қираған тұрғындардың кейбірі арада төрт жыл өтсе де, әлі күнге дейін өтемақы ала алмаған. 

Жапа шеккендер 1 млрд теңгедей қаражат уәде етілгенін айтады. Алайда бұл құры сөз күйінде қалған. Арнайы комиссия жарылғыш заттан қирап қалған баспаналарды күрделі жөндеуге жарайды деп шешкен. Бірақ баспаналардың ешқайсы жөнделмеген.

Тұрғындар қираған мүлкін өздері жөндеп алуға жағдайлары жетпейтінін мәлімдеді. Мәселеден енді хабардар болдық деген жергілікті әкімдік өкілдері жағдайды жақсы түсінгенмен қолдан келер қайыр болмайтынын жасырмады.

"Бұл мәселе Қорғаныс министрлігі тарапынан жүргізіледі. Арыс қаласы әкімдігі тарапынан, Гүлжан Мамытқызының тарапынан Қорғаныс министрлігіне осы кісілердің мәселесін қарау туралы хат жолданған болатын”, – дейді Арыс қаласы ішкі саясат бөлімінің бас маманы Нұржан Құттыбек.

 

Дереккөз: Астана арнасы 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: арыстағы жарылыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір