29 Маусым, 2023 Әлем
Фото: Ашық дереккөз
Бас прокуратура Ресей азаматы Никита Кислициннің Қазақстанда ұсталғаны туралы айтты. Ресейлік азамат АҚШ-тың сұрауы бойынша экстрадициялық қамауға алу негіздерін зерттеу үшін Қазақстанда ұсталған.
"Иә, америкалық юрисдикциясы сұрау түсті. Менің ойымша, ол бағдарламашы немесе ақпарат саласында жұмыс істейді", - деді бас прокурордың орынбасары Ұлан Байжанов.
Бас прокурордың орынбасары сұраныстың қалай орындалып жатқанын түсіндірді.
"Интерпол арқылы, мәліметтер базасы арқылы қызыл жалауша ілінеді. Ол ұсталды. Қазір біз сұрау салған елге: "Оны не үшін айыптап жатыр? Осы істің фабуласын нақты көрсетуін" сұраймыз. Содан кейін бұл құқық бұзушылық біздің елімізде қылмыс болып табыла ма, жоқ па, соны талдаймыз. Бұл іс жан-жақты зерттеледі. Сонда ғана біз экстрадициялау немесе экстрадицияламау туралы істі қабылдаймыз", - деді ол.
Ұлан Байжановтың айтуынша ұсталған азамат саяси баспана сұраса процес кешіктіріледі.
"Егер Мәскеу оны кез келген жолмен қайтарғысы келсе, онда олар да ол не жасағанын дәлелдеуі керек. Егер ол Ресей азаматы болса және ол қайтып оралғысы келсе, біз кешенді шешім қабылдаймыз. Мен қандай шешімге келетінімізді әлі айта алмаймын", - деп түйіндеді Ұлан Байжанов.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір