29 Маусым, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Апелляциялық сот Жанболат Мамайға қатысты сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Бұл туралы белсендінің жары Инга Иманбай хабарлады.
"Жанболаттың қамауда отырғанына 499 күн болды. Біз күресуді жалғастырамыз. Енді Жоғарғы Сотқа, ары қарай БҰҰ комитетіне жүгінеміз. Саяси реформа, өзгеріс деген осы ма?", – деп жазды Инга Иманбай әлеуметтік желіде.
Еске сала кетейік, сәуір айында Жанболат Мамай "қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен шартты түрде 6 жылға сотталған еді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір