04 Шілде, 2023 NEWS
Фото:Ашық дереккөз
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлын қандай жаза күтіп тұрғанын айтты. Министр оның әскери қудалау органдарының шешімімен қолбасшылықтың бақылауында болғанын айтты. Гаупвахтадан шығып, әскери бөлімге келе жатқанда өз еркімен кетіп қалған.
"Тәртіптік жарғыға сәйкес, ол жазаланады. Қайталап айтамын, әскер жас қылмыскерлерді қамауда ұстайтын колония емес. Біздің функциямыз мүлде басқа. Бұл – тәрбиеден кеткен олқылық. Біз оны түзете алмаймыз. Біздің функциямыз басқа", - деді Жақсылықов үкімет кулуарында.
Еске салсақ, бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімнен қашып кеткені туралы ақпарат тараған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір