05 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Иран Ислам Республикасы ресми түрде Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болды. Бұл шешім Үндістанның төрағалығымен өткен ұйымның ХХІІІ саммитінде қабылданды.
Иран мемлекетаралық бірлестіктің 9-шы мүшесі атанды. 2022 жылдың қыркүйегінде Самарқандта өткен ШЫҰ саммитінде Иранның ұйымға қосылуы туралы меморандумға қол қойылған еді.
Еске сала кетейік, ШЫҰ 2001 жылы 15 маусымда Шанхайда құрылған. Алғашқы кезде ұйымға 6 мемлекет – Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан мүше болса, 2017 жылы олардың қатарына Үндістан мен Пәкістан қосылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір