06 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қырғызстанда Серік Күдебаевқа қашуға көмектескен қылмыстық топтың мүшесі ұсталды.
Ол Джалал-Абадтағы қонақ үйлердің бірінде жасырынған. Көрші елдің ҰҚК хабарлағандай, Чач лақап атымен танылған азамат Қазақстанның ІІМ есепте тұрған. Тінту барысында күдіктіден 10 грамм есірткі зат анықталды. Қазір ол Джалал-Абад облысындағы тергеу изоляторына қамауға алынды.
Еске салайық, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша айыпталып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір