• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 12:08:19
Алматы
+12°
 
Түркістан облысында тау басынан құлаған турист іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.
 
Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің аумағында 3 шілде күні үш адамнан тұратын топ теңіз деңгейінен 4 236 метр биіктікте орналасқан Сайрам шыңына шыққан. Таудың басынан түсіп келе жатқанда арқан үзіліп, 1967 жылғы ер адам мұз бойымен домалап, еңіске құлайды.
 
5 шілдеде ауа райының қолайсыздығына байланысты іздестіру жұмыстарын жаяу жүру арқылы да, авиатехниканы тартумен де жүргізуге мүмкіндік болмады.
 
Хабарлама түскен сәттен бастап Қасқасу кемпингінде Түркістан облысы полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдар мен ТЖД, Шымкент қаласы Альпинизм және спорттық туризм федерациясы қызметкерлерінен штаб ұйымдастыру бойынша шаралар қабылданды.
 
6 шілдеде сағат 6.30-дан бастап жедел-құтқару жасағының 8 құтқарушысы және альпинизм федерациясынан төрт альпинист іздеу жұмыстарына жіберілді.
​​
Құрылған штабтан оқиға орнына дейінгі жалпы арақашықтық – 15 км. Тау шатқалдарының тік орналасуына және табиғи кедергілердің көп болуына байланысты құтқару-іздестіру жұмыстары созылуы мүмкін.
 
Іздестіру жұмыстарына қосымша Сайрам-Өгем ұлттық паркінің орманшыларынан ат патрульдері тартылады. Құтқарушылар альпинисттік құрал-саймандармен, спутниктік телефондармен, радиобайланыс құралдарымен және 3 тәулікке жететін азық-түлікпен қамтамасыз етілді.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір