• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 15:34:26
Алматы
+12°
Қазақстанда тоғыз банк таратылу процесінде тұр. Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланған "Кейбір заңнамалық актілерге қаржы ұйымдарының қызметін реттеу және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқығын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында айтылған.
 
"Қазіргі уақытта Қазақстан нарығында екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Бұл ретте 9 банк бойынша тарату процесі жүріп жатыр", - делінген құжатта.

Агенттіктің нақтылауынша, аталған банктер тарату рәсімінен біраз уақыттан бері өтіп келеді. Атап айтқанда:

- "Валют-транзит банк", 2006 жылғы 26 желтоқсанда лицензиясы қайтарып алынған, оны тарату рәсімі 2007 жылғы 01 наурыздан басталды;

- "Қазинвестбанк", лицензияны 2016 жылғы 27 желтоқсанда қайтарып алды, тарату рәсімі 2018 жылғы 24 қаңтардан басталды;

- Delta Bank, лицензияны 2017 жылғы 3 қарашада қайтарып алды, тарату рәсімі 2018 жылғы 25 сәуірден басталды;

- "Эксимбанк Қазақстан", лицензияны 2018 жылғы 28 тамызда қайтарып алды, тарату рәсімі 2019 жылғы 16 қаңтардан басталды;

- "Астана Банкі", лицензияны 2018 жылғы 19 қыркүйекте қайтарып алды, тарату рәсімі  2019 жылғы 9 қаңтардан басталды;

- Qazaq Banki, лицензияны 2018 жылғы 28 тамызда қайтарып алды, тарату рәсімі 2018 жылғы 12 желтоқсаннан басталды;

- Tengri Bank, лицензияны 2020 жылғы 18 қыркүйекте қайтарып алды, тарату рәсімі 2021 жылғы 15 ақпаннан басталды;

- AsiaCredit Bank, лицензияны 2021 жылғы 12 ақпанда алып тастады, тарату рәсімі 2021 жылғы 22 шілдеден басталды;

- Capital Bank Kazakhstan, лицензияны 2021 жылғы 24 маусымда қайтарып алды, тарату рәсімі 2021 жылғы 6 қазаннан басталды.

Еске салайық, бұдан бұрын Қазақстанда  екінші деңгейлі 9 банктің жұмысы тоқтатылуы мүмкін екені хабарланған.

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір