• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 00:17:30
Алматы
+12°

Ресейде қамауда отырған Алексей Навальныйға Путиннің бір жолдауын 100 күн тыңдатқан. Бұл туралы белсендінің Instagram желісіндегі парақшасында хабарланды. 

"Путиннің 21.02.2023 жылғы жолдауын тыңдап жүргеніме 100 күн болды. Басшылыққа "дендерің сау ма? Ең болмаса әртүрлі жолдауын берсеңдерші. Путиннің жолдауы аз ба?!" дедім. Жауабы ақылға қонымсыз болды. Себебі бұл биылғы жолдау болғандықтан оны жыл бойы тыңдау қажет. Ал келесі жолдауы алдағы жылы шығады екен", делінген желідегі парақшасында. 

Навальный жеке уақытын не үшін радио тыңдауға емес, Путинге арнау керегін сұрап, сотқа арызданған. Ал сот оның шағымына "бұл тәрбие жұмысының әдіс-тәсілі", деп жауап берген. 

Еске салсақ, Алексей Навальный алаяқтық жасады деген айыппен 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Оны қатаң режимдегі калонияға жатқызған. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алексей Навальный

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір