Фото: ulysmedia.kz
Қаңтар оқиғасы кезіндегі "әуежайды басып алу ісі" бойынша бүгін Наурызбай аудандық сотында үкім шықты.
Сот айыпталушыларды кінәлі деп танып, Әйгерім Тілеужанды 4 жылға бас бостандығынан айырды. Әйгерім Тілеужан қауіпсіздігі орташа түзеу колониясында жазасын өтейді. Қалас Нұрпейісов пен Нұрлан Дәлібаев 8 жылға сотталды. Сот үкімімен Ермұхамет Шілібаевқа пен Жанайдар Кәрменов те 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Азаттық басылымының дерегінше, сот үкімі шығар күні Наурызбай аудандық соты алдына сотталушылардың жақтастары, туыстары мен қоғам белсенділері бар, барлығы жүзден астам адам жиналғаны байқалды. Сот залына кіргендер айыпталушыларға бостандық сұрап ұрандатты.
"Қаңтар оқиғасынан кейін халықты қорқыта алмайды. Ешқандай заң бұзбағаныма сенімдімін. Өз ұстанымдарымнан бас тартпаймын. Керек болса қамалуға да дайынмын" - деді айыпталушы Айгерім Тілеужан.
Еске сала кетейік, осыған дейінгі сот отырыстарында айыпталушылардың жақтастары "Халық террорист емес" деген жазумен плакат әкеліп, өз ұстанымдарын білдірген болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір