12 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде Астана сауда орталығында әлдекімнің балалы ер-азаматты ұрып-соққан видеосы тараған болатын. Бүгін видеодағы ер-азаматтық боксшы Бейбіт Шүменов екені расталды.
"Иә, растаймыз, тергеу басталды. Іс бұзақылық бабы бойынша қозғалды. Қылмыстың ауырлық деңгейін сараптама көрсетеді", - деп мәлімдеді ІІМ.
Төбелес кезінде ер адамның қолындағы баланың зардап шекпеген.
Еске сала кетейік, Бейбіт Шуменов – жартылай ауыр және бірінші ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой боксшы. Тұрақты әлем чемпионы (2016-2017, 2018-2019) және 1-ші ауыр салмақтағы WBA нұсқасы бойынша уақытша әлем чемпионы (2015-2016). Бұрынғы WBA әлем чемпионы (2013-2014), WBA тұрақты әлем чемпионы (2010-2013) және жеңіл салмақтағы IBA әлем чемпионы (2009-2014). 2004 жылғы Олимпиада ойындарының қатысушысы.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір