12 Шілде, 2023 NEWS
Фото: ҚазТаг
Ақтөбеде бұрынғы облыс әкімі Ермек Имантаевтың үстінен сот басталды.
"Оған Ақтөбе СПК басқарған кезде сеніп тапсырылған мүлікті иемденді деген айып тағылған. Қылмыстық сотта Ермек Имантаевтың ісі бойынша алдын-ала тыңдалым 10 шілдеде болды", - деп жазды "Диапазон" басылымы.
Имантаев Ақтөбе СПК-ға тиесілі жер телімін заңсыз сатып, мемлекетке 100 млн теңге шығын келтірген.
Еске сала кетейік, Ермек Имантаев 2002-2004 жылдар аралығында облыс әкімі болып, 2004 жылы отставкаға кеткен. 2019 жылдың 20 қарашасынан бастап Ақтөбе СПК басқарма төрағасы қызметіне тағайындалып, 2021 жылдың наурызында бұл қызметтен кеткен еді. Осы жылдың ақпанында Ермек Имантаев лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану бабы бойынша қамауға алынған болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір