• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 13:28:42
Алматы
+7°

Шымкентте тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша он күнде 200-ге жуық адам жауапқа тартылды. 

Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, шілденің алғашы 10 күнінде Шымкент полициясынп тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 191 шақырту түскен. Оның ішінде 10 шақырту бойынша жәбірленушінің арызынсыз, учаскелік инспектордың анықтауымен әкімшілік іс қозғалды.

ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабымен 92 адамға, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін және ұрып-соғу бойынша 5 азаматқа әкімшілік іс қозғалды. Құқықбұзушылықтар бойынша дер кезінде жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 31 агрессорға қатысты 24 сағатқа әкімшілік ұстау шарасы қолданылды.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша әкімшілік істер сотқа жолданып, 14 ер адам әкімшілік қамауға алынған.

Жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 112 адамға қатысты қорғау нұсқамасы шығарылып, 1 ай мерзімге профилактикалық есепке алынды. Ал 9 азаматтың мінез-құлқына сот арқылы ерекше талаптар белгіленді.

Еске салп кетейік, 1 шілдеден бастап президент тапсырмасымен тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға енгізілген өзгерістер өз күшіне енді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір