14 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Әзірленген жоспарға сәйкес аталған топтың қылмыстық әрекетінің тоқтату үш кезеңнен тұрған. Бірінші кезеңде халықаралық іздеуде жүрген, қылмыстық ортада Нойс лақап атымен белгілі Жұмагелдиевтің оң қолы басқаратын ұйымдасқан қылмыстық топтың негізгі криминалдық буынын жоюға тырысқан.
"19 сәуірде Алматы қаласының, Алматы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының аумағында ауыр қылмыстарды жасауға, оның ішінде 2018 жылы Алматыда болған адам өлтіруге оқталуға қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтың 12 мүшесі ұсталды. Екінші кезеңде криминалдық ортада Карась лақап атымен белгілі Дикий Арманның тағы бір көмекшісі бақылайтын ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыру орны жойылды. 25-26 сәуір аралығында Алматы, Шымкент қалаларында және Түркістан облысында 130 дан астам тінту жүргізіліп, заңсыз ойын бизнесіне және аталған ұйымдасқан қылмыстық топты қаржыландыруға қатысы бар 53 фигурант ұсталды. Осы жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және оны басқарғаны үшін Қылмыстық кодекстің 262-бабы бойынша екі қылмыстық іс тіркелді. Мамыр айында қылмыстық топтың қызметін қаржыландыру фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 266-бабымен қосымша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", – делінген хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір