14 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласы мәслихатының депутаты, Аманат партиясының мүшесі Әміржан Нәбиев Риддердегі жылу-электр орталығының иесі атанды.
Депутат ЖЭО қарызын өз қалтасынан өтейтінін мәлімдеді.
"Жылу электр орталығының жаңа қожайыны Әміржан Нәбиев барлық қарызды өз есебінен жабуға уәде берді. Компания қарызы 5,5 млрд теңге"– деп хабарлады Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Нәбиев 2014 жылдан бері Алматы қаласы мәслихатының депутаты болған. Ол құрылыс салушы ретінде экономика, қаржы, активтер, мемлекеттік басқаруды дамыту және қоғамдық қауіпсіздік жөніндегі комиссияны басқарады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір