18 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысы Серік Күдебаев мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту ісі бойынша сот отырысы өтті. Сот отырысында Серік Күдебаев өз кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты.
Күдебаев соттағы соңғы сөзінде "Мен кінәмді толық мойындаймын", деп айтқан. Кейін сотталушы соттан жазасын ұзартпай, айыппұл салуды сұрады.
ҚР ҚК 392-бабының 1-бөлігі (ҚР шекарасын заңсыз кесіп өту) 1000 АЕК (3 450 000 теңге) мөлшерінде айыппұл немесе бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.
Қорғаушы тарап Серік Күдебаевтың сотталғанын және өз кінәсін мойындағанын ескере отырып оған 500 АЕК (1 млн 725 мың теңге) мөлшерінде айыппұл түрінде балама жаза тағайындауды сұрады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір