20 Шілде, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қостанайда 5 азамат жалған валюта өткізумен айналысқан. Бүгінде 30 мың жалған доллардың 28 600-і сотқа дейінгі тергеу барысында тәркіленген.
С. Шарапиев валюта тауып әкелумен айналысса, Т. Жакупов және А. Шаймердинов оны Қостанай облысының аумағында сатқан. Ал ерлі-зайыпты Бердімұратовтар жалған ақшаны Астана аумағында таратқан.
Сотталушыларға "Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу" бабы мен жәбірленушілерді алдау фактілері болғандықтан "Алаяқтық" бабы бойынша айып тағылды.
Сот үкімімен С. Шарапиев 5,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде өтейді.
А. Шаймердинов пен Т. Жакупов орташа қауіпсіз мекемеде 5,5 жыл отырады, ал Бердімұратовтар шартты түрде 5 жыл 2 айға бас бостандығынан айырылды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір