• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 08:25:51
Алматы
+12°

Алматыда №98 автобустың жүргізушісі адам өліміне әкеліп соққан жол апатына кінәлі деп танылды, деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Апат кезінде №201 және №98 автобустар соқтығысқан болатын. Сотталушы – №98 автобустың жүргізушісі.

Тергеу барысында анықталғандай, сотталушы жол қозғалысы ережелерін елемей, бағдаршамның қызыл түсіне тоқтамай, №201 автобуспен соқтығысқан.

"Сот сотталушы азаматты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша ("Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу") кінәлі деп танып, оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза және 5 жыл мерзімге көлік құралын тізгіндеу құқығынан айыру түрінде қосымша жаза кесті", – делінген сот хабарламасында.

Автобус жүргізушісі кінәсін мойындамады, ақтауды сұрады. Сот жүргізушінің асырауында үш кішкентай баланың болуына байланысты жазаны жеңілдету туралы шешім қабылдады.
 
"Ш" және "К" есімді азаматтардың пайдасына моральдық шығын ретінде әрқайсысына 2 миллион теңгеден, сондай-ақ "Ш" есімді азаматтың пайдасына 323 885 теңге материалдық шығын өндірілді", - деп хабарлады сот.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір