• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 20:17:49
Алматы
+12°

Қаржы мониторингі агенттігі Қостанай облысында әшкереленген қылмыстық топтың 2022 жылдан бастап ет сату бойынша жалған мәліметтер арқылы бюджет қаражатын жымқырып келгенін анықтады.

Жымқырылған қаражат 1,6 млрд теңгеден асады

"Ұйымдасқан топты ірі ет өңдеу кәсіпорнының директоры басқарған, оның құрамына қарамағындағылар, шаруа қожалықтарының басшылары, мал дәрігерлері мен лауазымды тұлғалар бар. Қылмыстық схема шаруа қожалықтарының қайта өңдеу зауытына жоқ өнімдерді, сондай-ақ қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген субсидиялар алған артық салмағы бар өнімдерді жеткізуден тұрды", - делінген хабарламада.

Қазір ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелеріне қатысы бар 50-ден астам шаруа қожалығы анықталған. Бүгінгі таңда алаяқтық, ұйымдасқан топ құру және басқару фактілері бойынша он жеті қылмыстық іс тіркелді.

"Топ мүшелерінің банк ұяшықтарында және есепшоттарында шетел және ұлттық валютадағы жалпы сомасы 3 млн астам АҚШ доллары бар екені анықталды.  Алдын ала тергеу барысында қожалық басшылары кінәсін мойындап, 62 млн теңгеден астам қаржыны өз еркімен мемлекет кірісіне қайтарған. Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топтың 5 белсенді мүшесі қамауға алынды", - делінген хабарламада.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір