• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

14 Қараша, 12:42:44
Алматы
+12°

1 шілдеден бастап күшіне енетін жаңа әлеуметтік кодекске сәйкес зейнетақы қорынан ақша алу ережелеріне де өзгерістер енгізіледі.

Бұған дейін ауыр еңбек жағдайында жұмыс істейтін қызметкерлер міндетті зейнетақы жарнасы мен кәсіптік зейнетақы жарнасын баспана алуға немесе емдеуге жұмсай алатын. Енді бұдан былай біржолғы зейнетақы төлемін алар кезде бұл жұмысшылардың кәсіптік зейнетақы жарнасы есептелмейді.

Демек азаматтар жарнаның бұл түрін үй алуға немесе емге жұмсай алмайды. Есесіне сенімгерлік басқаруға берерде еш кедергі болмайды.

"Міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтарын инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына беру кезінде зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шегі бұдан былай ескерілмейді. Әлеуметтік кодекс күшіне енген кезден бастап салымшы аталған зейнетақы жинақтарының 50 пайызына дейін ИПБ-ның сенімгерлік басқаруына беруге құқылы", – делінген құжатта. 

Сонымен қатар, азаматтар біржолғы зейнетақы төлемдерін жақын туыстарының еміне немесе баспана жағдайын жақсартуға жұмсай алады.

Жақын туыс санатына ата-ана, туған немесе асырап алған балалар, асырап алушылар, ата-әже және немерелер кіреді.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: зейнетақы қоры

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір