01 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Үкімет Қонаев қаласының 2050 жылға дейінгі бас жоспарын бекітті. Жоспарға сәйкес қалада білім беру мекемелерінің саны екі есеге өседі. 27 жыл ішінде 2 538,2 мың шаршы метр аумақта тұрғын үй салынады.
Тәулік бойы емханалар мен жедел жәрдем станцияларын да көбейту жоспарланған. Сондай-ақ, қала уақыт өте келе Алматы облысының орталық көлік-логистикалық нүктесіне айналуы тиіс.
Еске салайық, Қонаев 2022 жылдың маусым айынан бастап Алматы облысының орталығы боп бекітілген. Мұнда шамамен 54 мың адам тұрады. Қаланың жалпы ауданы — 56,03 ш.м.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір