• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 02:49:55
Алматы
+12°
Қарағанды облысында 31 шілдеде Долинка ауылындағы орташа қауіпсіздік колониясында жазасын өтеп жатқан ер адам қашып кетті, деп хабарлайды Қарағанды облысының қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі. Сотталушы сол күні ұсталған. 
 
Ер адам мекеменің қорғалатын аумағынан тыс жерде жөндеу жұмыстарына тартылған.
 
"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында бірнеше сағат ішінде қашып кеткен адамды жедел уәкілдер ұстады", – делінген хабарламада.
 
Сондай-ақ, аталған факті бойынша Қарағанды облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы "Бас бостандығынан айыру орындарынан немесе қамаудан қашу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Колонияда қызметтік тергеу басталды.
 
Ведомствоның мәліметінше, 29 жастағы ер адам ұрлық жасағаны үшін сотталған, жалпы мерзімі 4 жылға бас бостандығынан айырылған.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір