02 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дерекөз
Жетісу облысының білім беру саласында жымқырылған қаржы көлемі 4,4 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
Ведомство қызметкерлері Талдықорған қаласы білім беру бөлімі басшысының ұрлыққа көз жұма қарағаны үшін 280 млн теңге көлемінде пара алғанын анықтаған. Ал мекеме есепшісінен 1 млрд теңге тәркіленді.
Ал Ақтөбе облысында ревизиялық комиссиясының мемлекеттік аудиторы 500 мың теңге ақша алғаны үшін 15 млн теңге айыппұл арқалаған.
Қазір білім беру саласында жемқорлық бойынша 100-ден астам қылмыстық іс тіркелген. Ұрланған қаржының көлемі 8 млрд теңгеге дейін жетеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір