• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қараша, 22:12:43
Алматы
+12°

Қонаев қаласындағы 4 ойын мекемесіне жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Бұл туралы Туризм индустриясы комитеті хабарлады.

Тексеру нәтижесінде үш бизнес субьектісіне қатысты Әкімшілік кодексінің 445-ші бабының 3-ші тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

"Ойын автоматтары залының иелері машиналарға технологиялық түрде салынған ұтыс пайызы бойынша талаптарды сақтамаған. "Ойын бизнесі туралы" заңға сәйкес, ол кем дегенде 95% болуы керек" – делінген хабарламада.

Қонаев қаласының әкімшілік мамандандырылған ауданаралық сотының 2023 жылғы 19 мамырдағы шешімімен және Алматы облыстық сотының 2023 жылғы 20 шілдедегі шешімімен ойын бизнесінің 3 субъектісі құқық бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.

Олардың лицензиясы тоқтатылып, әрқайсысына 300 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

"7 әкімшілік іс қозғалды, 6 айыппұл салынды, бір ойын автоматтары залының иесі лицензиядан айырылды. Сонымен қатар, заңды бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту мақсатында Мәдениет және спорт министрлігінің тікелей қатысуымен ойын бизнесі, лотерея және лотерея қызметі саласындағы заңнамаға 62 түзетуді көздейтін 3 заң жобасы әзірленді" - дейді Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір