• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:43:34
Алматы
+12°

1 миллион АҚШ доллары көлемінде пара беруге итермелеген ер адам сотқа тартылды, - деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері алаяқтық және пара беруге итермелеу дерегі бойынша К. Алтаевқа қатысты соталды тергеуді аяқтады.

"Ол кәсіпкерді аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеп, Қарағанды облысындағы кен орнын пайдалану келісімшартын ұзарту үшін "лауазымды тұлғаларға беремін" деген сылтаумен алдау арқылы 1 млн доллар ақшалай қаражатты жымқыруға әрекет жасаған", - деп жазылған хабарламада.
 
Айыпталушы сотқа берілді. Қазақстан Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: доллар

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір