09 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Шымкентте 5 тамызда жоғалған қыздың мәйіті жертөледен табылды, - деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Еске салайық, 5 тамызда Әл-Фараби АПБ-ға қыздың жоғалғаны туралы хабарлама түскен болатын. Ағасының айтуынша, 2004 жылғы студент 4 тамызда үйден белгісіз бағытқа шығып қайта оралмаған. Түркістан облысының тумасы оқуына байланысты уақытша әпкесінің үйінде тұрған. Жедел-іздестіру жұмыстарына Шымкент қаласы ПД-нің барлық жеке құрамы жұмылдырылғаны хабарланған болатын.
БАҚ-та және әлеуметтік желіде 18 жастағы қыздың із-түзсіз жоғалғаны туралы хабарландыру таратылды. Үш күн бойы үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары оң нәтиже бермеді.
"8 тамыз түнгі сағат 01:30 шамасында Әл-Фараби АПБ-на туыстары үйдің жертөлесінен жоғалған қыздың өлі денесін тапқаны туралы хабарлады. Оқиға орнына барған жедел тергеу тобы жертөледен төсек жаймасына оралған, денесінде зорлық белгілері бар мүрдені анықтады", - делінген хабарламада.
Бойжеткенді туған жездесі өлтірді деген күдікке ілінген.
ҚР ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Күдікті УҰИ-ға қамалды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір