• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:58:04
Алматы
+12°

Алматы облысында 11 жастағы баланы найзағай соқты. Соның салдарынан баланың арқасы, белі және сол аяғының төменгі бөлігі қатты күйіп қалған, деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Оқиға Қарасай ауданында болған. Бала Алматы қалалық балалар клиникалық ауруханасына 31 шілдеде түскен. Сол жерде оған шұғыл көмек көрсетілді.

"Науқасқа арқа, бел аймағы және сол аяғының төменгі бөлігін термиялық күйік шалған деген диагноз қойылды. Қазір бала жарақат бөлімінде емделіп жатыр. Жағдайы орташа"- деді аурухана директорының орынбасары Асқар Қалиев.

Дәрігерлер шілде-тамыз айларында найзағай соғу жағдайлары көбейетінін ескертіп, ата-аналарды балаларына сақ болуға шақырды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір