Фото: Ашық дереккөз
Маңғыстау облысында құны 7 млрд теңгеден асатын жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды.
"Прокурорлық қадағалау шаралары бойынша ағымдағы жылы мемлекетке құны 7 млрд теңгеден асатын, жалпы ауданы 81 мың га болатын, 94 жер учаскесі мемлекетке қайтарылды. Оның ішінде жағалау аймақтарында 2004 жылдан бері игерілмеген 2,6 млрд теңге құрайтын 255,5 гектар 6 жер телімдері де бар", - деп хабарлады прокуратура.
Сонымен қатар, құны 1 млрд теңге "OilRealEstate" ЖШС тиесілі 225 гектар жер телімі мемлекетке берілген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір