Фото: Ашық дереккөз
Әлеуметтік желіде "Қазақстан" шахтасындағы өрт қасақана ұмыстастырылған болуы мүмкін" деген ақпарат таралды. Осыған қатысты полиция ресми мәлімдеме берді.
"Кейбір ақпарат агенттіктері мен әлеуметтік желілерде түрлі қауесет таралып жатыр. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды. Өрттің себебі енді анықталады", - деп хабарлады ведомство.
Полиция облыс тұрғындарынан қауесет пен арандатушылыққа бой алдырмауды, тек ресми ақпаратқа сенуді сұрап, жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік барын ескертті.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір