23 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Finprom
Өмір сүру құны бойынша елдер рейтингінде Қазақстан 140 мемлекеттің арасында 91-орынға ие болды. Бұл туралы Finprom.kz жазды.
Биыл бірінші тоқсан қорытындысы бойынша өмір сүру құны рейтингісінде Қазақстан 91-орынға тұрақтады. Еліміздің индексі – 25,4. Индекс мөлшері тұтыну тауарлары мен жалға берілетін тұрғын үй құнын Нью-Йорк қаласымен салыстыра отырып бағаланады
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Армениядан кейінгі екінші орынға шығып, ең қымбат мемлекеттік бірі атанды.Тізімде Армения – 57 орында, Беларусь – 98, Молдова 101, Ресей –110, Қырғызстан – 111, Әзербайжан – 119, Өзбекстан 125-ші орында тұр.
Шілде айындағы есеп бойынша биыл елде тауарлар мен қызметтердің бағасы бір жылда 14%-ға өскен. Жылдық динамика бойынша азық-түлік тауарлары – 13,5%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 15%-ға, ақылы қызметтер – 13,6%-ға қымбаттады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір