23 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ақтөбе облысында "Елбасы медалі" жобасына 104 млн теңге жұмсалмақ. Жобаға қаражат мемлекет бюджетінен бөлінеді. Бұл туралы Protenge басылымы жазды.
Елбасы медалі – 14 пен 29 жас аралығындағы жастарды спорт, шеберлік пен талант, кітап оқу, ұлттық мұра, туризм және еңбек тәжірибесі сияқты жеті бағыт бойынша сынға салатын бағдарлама. Қатысушылар үш медальдың бірін ала алады: қола, күміс немесе алтын. Барлығының сыртында Назарбаевтың суреті бар.
Экс-президент 2009 және 2010 жылдары жеке қор ретінде "Назарбаев" және "Нұрсұлтан Назарбаев"қорын құрды. Бұдан бөлек "Демеу" және "Елбасы" қорлары бар. Мемлекет Назарбаев қорын қаржыландыруды осы жылы тоқтатты. Десе де, Vlast басылымның дерегінше, бұл қорлар тұрақты түрде инвестициямен айналысады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір