24 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Семейде қаңтар оқиғасы кезінде Жандос Жотабаевты азаптаған 2 полиция қызметкері шартты түрде сотталды.
Іс бойынша Семей соты полицейлер 23 жастағы Әлішер Қанақынов пен 27 жастағы Ерсұлтан Ағзамовқа шартты үкім шығарды.
Сот Қанақынов пен Ағзамовты "ар-намысты қорлайтын іс-әрекет немесе азаптау" бабымен кінәлі деп танып, 4 жылға шартты түрде соттады. Үкім шығару кезінде айыпталушылардың жасы есепке алынған.
Сондай-ақ, сот оларды моральдық өтемақы ретінде 4,5 миллион теңге төлеуге міндеттеді.
Еске сала кетейік, Жандос Жотабаев былтыр 6 қаңтарда "бейбіт митингке қатысқаны үшін" ұсталған. Ол полиция бөлімшесінде екі күн қамауда болып, кейін уақытша қамау изоляторына ауыстырылған. 17 қаңтарда изолятор қызметкерлері жедел жәрдем шақырып, Жотабаевтың қайтыс болғанын хабарлаған. Жандос Жотабаевтың бауыры 2022 жылы ақпанда зерттеу кезінде марқұмның өкпесінен сұйықтық табылғанын, мұндай жағдай қатты соққыға жығылған адамда болатынын айтқан. Бауырының айтуынша, оның 11 қабырғасы сынған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір