24 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Алматы қаласында электронды темекінің 55 мың данасы тәркіленді, деп хабарлайды қаржылық мониторинг агенттігі.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында қалада электронды темекіні заңсыз көтерме бағамен сатқан сауда және қойма үй-жайлары анықталды Тінту кезінде жалпы сомасы 80 млн теңгеден асатын вейптер табылды. Электронды темекінің 55 мың данасы тәркіленді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
"Ғалымдардың зерттеулері бойынша, вейптерді қолдану жасөспірімдердің дамуына кері әсерін тигізетінін, есте сақтау, зейінді шоғырландыру, өзін-өзі бақылау және оқу қабілетіне зиянды әсер ететінін еске саламыз", - дейді агенттік мамандары.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір