25 Тамыз, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
ҚМА Абай облысы бойынша Департаменті облыстық прокуратура үйлестіруімен "Sport Bar" атауымен букмекерлік кеңсе атын жамылған заңсыз ойын бизнесі қызметін тоқтатты.
Жұмыс барысында Семей қаласындағы екі мекенжай бойынша банкноттарды қабылдайтын және қолма-қол ақшалай ұтыс беретін терминалдар, компьютерлер, ақша және т.б. заттай айғақтар тәркіленген.
"Бір топ тұлғаның алдын–ала келісімімен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілмейді"– деп жазылған ресми хабарламада.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір