• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 11:44:34
Алматы
+7°

Елімізде 2023 жылдың 29-31 тамызында ауа райына қатысты болжам жасалды. Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды. 

“Қазгидромет” мәліметінше, республиканың барлық аумағында дерлік ауа температурасы төмендейді деп күтілуде. Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай ойнап, екпінді жел соғады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде.

"Ауа температурасының ең көп төмендеуі республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде күтілуде, ауа температурасы түнде 3-11 градус Цельсийге дейін, күндіз 10-18 градусқа дейін төмендейді", - деп хабарлады синоптиктер.

"Қазгидромет" РМК атап өткендей, тек республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында аптаның басында күн жылы болады, кейін аптаның соңына қарай ауа температурасы түнде 10-15 градусқа дейін төмендейді, ал күндіз 20-25 градус жылы.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір