• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 09:21:53
Алматы
+12°

Тоқаев Президент Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойып, Президент Әкімшілігінің шенеуніктерін жұмыстан босатты. 

Құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына кіреді:

▪️ Президент Әкімшілігінің Басшысы;
▪️ Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
▪️ Президент Кеңсесінің Бастығы;
▪️ Президенттің көмекшілері;
▪️ Президенттің кеңесшілері;
▪️ Президент Әкімшілігінің бөлімдері.

Ақорданың хабарлауынша, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары алынып тасталды. Президент Әкімшілігінің қайта құрылуына байланысты қызметінен босатылғандар:

Тимур Сүлейменов – Президент Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары;

Ержан Жиенбаев, Аида Балаева, Ернар Баспаев – Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары;

Руслан Желдібай – Баспасөз хатшысы;

Әсет Исекешев және Жайсанбаев Қанатбек – Президенттің көмекшілері;

Қазыхан Ержан – Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкіл;

Әлтаир Ахметов – Мемлекеттік басқару бөлімінің меңгерушісі;

Байтұқбаев Ерлан –Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі;

Азамат Дүйсембеков – Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі департаментінің меңгерушісі;

Ерназар Рақымжан – Стратегиялық жоспарлау бөлімінің меңгерушісі.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір