02 Қыркүйек, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтің жарлығымен үкіметке жаңа министрлер тағайындалды.
Марат Қарабаев Көлік министрі лауазымына тағайындалды. Бұған дейін ол Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі болған.
Арман Шаққалиев Сауда және интеграция министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Сауда және интеграция вице-министрі болды.
Светлана Жақыпова Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды.
Ермек Маржықпаев Туризм және спорт министрі болып тағайындалды. Бұған дейін ол Ақмола облысы әкімінің қызметін атқарған.
Сонымен қатар:
Ернар Баспаев Президент кеңесшісі, ал Әсет Ирғалиев Президенттің экономика мәселелері жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
Тамара Дүйсенова премьер-министрдің орынбасары лауазымында қалды. Бірақ Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметінен босатылды.
Серік Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол сауда және интеграция министрі болған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір