• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

09 Желтоқсан, 02:11:23
Алматы

14 Қараша, 2024 NEWS

Әкімдер мен министрлер қанша жалақы алады?

Ұлттық статистика бюросы облыс әкімдері орташа есеппен 1,7 миллион теңге, министрлер 1,5 миллион теңге жалақы алатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Көрнекі сурет

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, мемлекеттік қызметкерлер арасында ең жоғары жалақы премьер-министр мен оның орынбасарлары айына 2,5 миллион теңге алады.

Облыс әкімдері орташа есеппен 1,7 миллион теңге, министрлер 1,5 миллион теңге, мәжіліс депутаттары 1,3 миллион теңге, сенат депутаттары 1,1 миллион теңге алады. Бұл ақпарат статистика бюросының ресми деректеріне негізделген және ашық, қолжетімді.

Ал 788,7 мың теңгеден жоғары жалақыны тек Қазақстанның ең үлкен немесе белсенді дамып келе жатқан бес өңірінің басшылары алады. Ең жоғары жалақы Алматыда – 1,2 миллион теңгеден асады. Мұнай саласының басшылары аз жалақы алмайды: Атырау облысында бұл көрсеткіш 983,5 мың теңге, Маңғыстау облысында 791 мың теңгеге саяды.

Астанадағы компания басшылары да айына 853,8 мың теңге алады. Ал Жамбыл (496,5 мың теңге), Солтүстік Қазақстан (517,2 мың теңге) және Түркістан (526 мың теңге) облыстарындағы ұйым басшыларының жалақылары айтарлықтай төмен. Шымкент қаласында және Ұлытау, Қызылорда, Қостанай және БҚО-да басшылардың жалақысы  600 мың теңгеге жетер-жетпес алады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір