• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:49:08
Алматы
+12°

Алматы облысы Полиция департаментінің бұрынғы басшысы, 10 жылға бас бостандығынан айырылған Серік Күдебаевтың Өскемен түрмесіндегі суреті әлеуметтік желіге тарап кетуіне байланысты қызметтік тексеру жүргізіледі. 

Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Қазір сотталғандардың ұялы телефон пайдалануы, бейнебақылау камерасының объективін жабуына қатысты қызметтік тергеу тағайындалған.

"ІІМ бұйрығымен бекітілген ішкі тәртіп ережелері бойынша қылмыстық атқару жүйесінде қамауда отырған сотталушылар азық-түлікті сырттан сәлемдеме ретінде немесе туысқандарымен кездескен кезде қабылдауға хақылы. Бұл талап қылмыстық атқару жүйесіндегі мекемелердің барлығына ортақ. Алдын ала мәлімет бойынша, Шығыс Қазақстан облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаментінің №22 мекемесінде сотталғандар туысқандарынан дайын тамақ қабылдап алған. Тексеру кезінде тыйым салынған азық-түлік өнімдері табылған жоқ. Қазіргі таңда сотталғандардың ұялы телефон қолдануы және бейнебақылау камерасының обьективін жауып тастау фактісі бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. Заң бұзылған жағдайда қолданыстағы заңнама аясында шара қолданылады", - делінген ресми хабарламада. 

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: серік күдебаев

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір