06 Қыркүйек, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
6 қыркүйекте Астанада және Қазақстанның бірқатар облыстарында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды.
6 қыркүйекке қараған түні Қостанай облысының оңтүстік-батысында, батысында, 7 қыркүйекте Қостанай өңірінің шығысында, 7 қыркүйекте Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, 6-7 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, 6 қыркүйекте Қарағанды өңірінің солтүстігінде, орталығында, 7 қыркүйекте көмірлі облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, 8 қыркүйекте тағы да осы өңірдің шығысында, 7-8 қыркүйекте Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, 7 қыркүйекте Абай облысының батысында топырақ беті қатып, 1-3 градус аяз болуы мүмкін.
Астанада 6 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі деп күтіледі. 7 қыркүйекте түнде топырақ беті қатып, 1 градус аяз болады деп болжанады.
БҚО-ның оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Облыстың орталығында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Орал қаласында 6 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының батысында төтенше өрт қаупі бар.
6 қыркүйекте түстен кейін Абай облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.
Күндіз Шығыс Қазақстан облысының шығысында қатты жаңбыр жауады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай болады деп болжанады. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Өскеменде 6 қыркүйекте күндіз найзағай ойнайды.
6 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі деп болжанады. Қостанайда 6 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
6-8 қыркүйекте Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 6-8 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
6 қыркүйекте түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.
Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде тұман түседі.
6 қыркүйекте түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары. Қарағандыда түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды деп күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түсуі ықтимал. Көкшетауда 6 қыркүйекте түнде және таңертең тұман түседі.
6 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады, түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Петропавлда найзағай ойнайды деп күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір