• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 07:03:57
Алматы
+12°

Мамыр айының соңында “Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі” мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнын мемлекеттің меншігіне өткізу туралы сот отырысы өтті, деп хабарлайды “Пятый регион”.

Бибігүл Ұзақова басқаратын Алматы облысының қаржы басқармасы 2022 жылдың қыркүйек айынан бастап экс-президенттің әпкесі Әнипа Әбішқызы Назарбаева иелік ететін “Әнипа” жеке кәсіпкерлігін сотқа берді. Іс материалдары бойынша колледж кейіннен сатып алу арқылы сенімгерлік басқаруға өткен. Сот талапкердің арызын қанағаттандырып, шартты бұзу туралы шешім қабылдады.

“Алматы облысының қаржы басқармасы” республикалық мемлекеттік мекемесі мен “Әнипа” жеке кәсіпкері Назарбаева Әнипа Әбішқызының арасында жасалған “Үшқоңыр су шаруашылығы колледжі” мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 2016 жылғы 7 шілдедегі (нөмірі) 3 коммуналдық мүлкін кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлікпен басқару шарты бұзылсын”, - делінген іс материалында.

Сонымен қатар, сот Әнипа Әбішқызынан 3450 теңге мемлекеттік БАЖ салығын өндіру туралы шешім қабылдады. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір