20 Қыркүйек, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Полицейлер Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы жалған видео авторын ұстады, - деп хабарлайды Қостанай облысының Полиция департаменті.
"Әлеуметтік желіде Қостанай облысының шекарасында әскерилер арасында болған қақтығысқа қатысты пікір жазылған әскери көлік колоннасының видеосы тарап кетті. Видео жалған болып шықты. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысының ПД қызметкерлері Қостанай қаласының 52 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол қасақана әрекет жасағаны үшін кінәсін мойындады", делінген хабарламада.
Дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша соталды тергеу басталды.
Полиция жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті еске алып, азаматтарды ақпаратты таратпастан бұрын оның дұрыстығын тексеруге шақырды.
Еске салсақ, әлеуметтік желіде тарап жатқан видеода әскери киімдегі адамдар мен әскери техника көрсетілген. Кадр сыртындағы дауыс қақтығыс Қостанай облысында басталып, қазір техника сонда тартылып жатқанын айтады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір