• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 07:54:55
Алматы
+35°

22 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

 «Тәңір жарылқасын!» Мұрат Есжанның «Оян, қазағы» прокатқа шықты

«Қазақстан» корпорациясының «Міржақып. Оян қазақ!» фильмі Kinopark кинотеатрлар желісіне шықты.

Фото: ашық дерек көздерінен

Бұған дейін фильмнің телесериал нұсқасы көрерменге жол тартқан болатын. Телехикаяда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалған.

Кино нұсқасына сол оқиға желілерін сығымдап, біртұтас етіп береді. Қоюшы-режиссер Мұрат Есжанның көркемдік шешімдері, аштық жылдарындағы халықтың басына түскен нәубетті, Міржақып Дулатұлының азаттық жолындағы жан кешті күресін кішкентай ғана детальдарды ойнату арқылы да әдемі берілген.

Режиссер Мұрат Есжан нарықтағы киноларға қатысты пікір білдірді.  

– Осы тәжірибеде байқағанымыз нарық көп нәрсені шешеді. Комедия сияқты жеңіл форматтағы кинолардың жарнамасы жақсы, көрермені көп, соған қарай табысы да жоғары болады екен. Сол үшін бұндай жанрдағы фильмдер түсіріле береді, түсіріле береді. Ал енді тарихи, салмақты дүниелерге жарнама аздығынан көзіқарақты көрермен келмей қалады да экрандағы ғұмыры қысқа болады екен. Біздің елде тарихи кинолардың аз түсірілу себебі осы. Бұндай дүниелерді көрмейді, түсінуге көпшіліктің деңгейі жетпейді деген тұжырым қалыптасады. Қарлығаштың қанатымен су сепкендей осы сенімді бұзсақ, – деп көрерменнің мол жиналып, ұлт жанашырлары жайында фильмді көрсе, рухы биіктесе деген ізгі қалауын жеткізді.  

Көрерменнің көптігінен залда ине шаншар орын болмады. Тұсаукесерге келген зиялы қауым өкілдері жоғары бағалап, режиссерлық жұмысты, басты рөлді сомдаған Бақыт Қажыбаевтың шеберлігін тұс-тұстан мақтап жатты. Өнер сүйер қауымды ұлы тұлға жайында түсірілген толықметражды фильмді көруге шақырамыз!

Kinopark желісі дәл қазіргі уақытта Алматы, Астана, Қарағанды, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Жаңаөзен қалаларында бар. Бүгіннен бастап фильм Семей, Өскемен, Талдықорған, Жезқазған, Петропавл, Павлодар қалаларындағы жекеменшік кинотеатрларға қойылады.

«Chaplin» кинотеатрлар желісі кестесінің тығыздығына байланысты фильм бұл киножелілерде көрсетілмейді.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір