• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 11:32:25
Алматы
+12°

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сирияда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) құрамында болған Қазақстан азаматын ұстады, - деп хабарлайды  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлытау өңірі тұрғындарының біріне қатысты терроризмді насихаттап, діни алауыздықты қоздыру мен лаңкестік топтың әрекетіне қатысу дерегі бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

"Ұлытау облысы Сәтбаев аудандық соты оны осы қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы 2016 жылы отбасымен бірге Сирияға барып, онда ДАИШ (Қазақстанда тыйым салынған) құрамында болғанын тергеу анықтады. Қабылданған шаралардың нәтижесінде содырдың шетелде жүрген жері анықталып, содан соң шетелдік серіктестердің көмегімен оны ұстауға және 2023 жылдың маусым айында ҰҚК жасағымен Қазақстанға жеткізілуіне мүмкіндік туды", - делінген хабарламада.

2023 жылғы 22 қыркүйекте үкім заңды күшіне енді.
 
ДАИШ* - Қазақстанда және басқа елдерде тыйым салынған террористік ұйым
"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ДАИШ Ұлытау 6 жыл

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір