• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

08 Қазан, 10:24:22
Алматы
+8°

25 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Орман ағаштары заңсыз кесілген

«Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи орман резерватының лауазымды тұлғалары орманды заңсыз кесуге қатысты болуы мүмкін. Бұл туралы Qamshy.kz хабарлайды, Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Фото: ашық дерек көздерінен

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері “Ертіс орманы” ерекше қорғалатын аумағынан орманды заңсыз кесу және ұрлау фактілерін анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларының кешенін өткізді.

«Полиция қызметкерлері “Ертіс орманы” РММ-де, Шалдай және Бесқарағай орманшылығында, сондай-ақ бірқатар басшылардың тұрғылықты жері бойынша 20-ға жуық санкцияланған тінту іс-шараларын жүргізді. Тінту кезінде құжаттамадан басқа атыс қаруы, оқ-дәрілер және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Қазіргі уақытта ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды» – делінген хабарламада.

Болжамды мәліметтер бойынша орманды заңсыз кесуге “Ертіс орманы” РММ-нің лауазымды тұлғалары қатысты болуы мүмкін.  ҚР Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабы негізінде өзге ақпарат жария етілмеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір