• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Мамыр, 17:12:11
Алматы
+35°

26 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар

Иесіз иттер өліктерді қазып, адамдарды талауда

Шымкентте қаптаған қаңғыбас иттер қабірлерді қазып жатыр. Бұл туралы Qamshy.kz ақпараттық агенттігі Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: ашық дерек көзінен алынған

 Шырақшылар, иттер мүрделерді жеп кетпес үшін күндіз-түні күзетіп жүргендерін айтады. Бұралқы иттер тіпті адамдарға да шабуылдай бастаған көрінеді. Жыл басынан бері ит қауып, ауруханаға түскендер саны 1700-ге жуықтаған. 

Шымкентте қаңғыбас иттер мола аралап, қабірлерді қазып жүр. Ынтымақ шағынауданының тұрғындары осылай деп дабыл қағуда. Сөздерінше, иттер таңертеңнен кеш батқанға дейін тынбай қабір аршиды. Мазарат шырақшылары қаңғыбас төрт аяқтылардың қазған жерін көміп әлекпіз дейді. Ал бейіттердің басында иттердің табан іздері мен нәжістері жатқан көрінеді.

Шухратбек Исраилов, шырақшы: «Иттерден  шаршадық, күніге қазып жатыр, қаншасын қуып жатырмыз. Арыз бердік, не болмай жатыр. Іш жағына дейін қазып жатыр. Жақында бұл мәйіттерді сыртқа шығарып, жей ме білмеймін. Міне қазып-қазып, арттарынан көміп шығып жатырмыз. Ит ататындар ата алмайды оны, оғы 3 метрге ғана жетеді оғы.»

Тұрғындардың сөзінше дәніккен иттер енді көшедегі адамдарға да шабуыл жасай бастаған. Әсіресе мектеп оқушылары зардап шегіп отыр екен. Тұрғындар жақында ғана ит талаған баланы әрең алып қалғанын айтады.

Шымкентте ит аулаумен айналысатын 6 бригада бар екен. Олар былтыр 40 мың қаңғыбас ит-мысық ауласа, биыл бар болғаны 16 мың 800 бұралқыны ұстапты. Жауапты басшылар ит-мысықтарды жаппай жоюға заң мүмкіндік бермейді деп отыр.

Дегенмен, жауаптылардың жұмысына тұрғындардың көңілі толмай отыр. Себебі көшелерде қаңғыбас иттер азаяр емес. Айта кетейік, жабайы жануарларды аулап, кастрация жасап, бюджеттен жоюға 264 миллион теңге бөлінген.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Шымкент ит аулау

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір