28 Қыркүйек, 2023 Барлық аймақтар
Жастарға мамандық таңдау маңызды
Анели Абайқызы
abaikyzy_aneli
Әрбір ата-ананың өз баласының болашағына байланысты ең үлкен армандарының бірі – баласын жоғарғы оқу орнына түсіру.
Мектеп бітірген баланы студент атандыру үшін бар күш-жігерін салатын ата-ана бірақ өз баласының мамандық таңдаудағы қалауына құлақ сала ма?
Өз қаламайтын мамандыққа түсіп, университет табалдырығын аттаған болашақ маман иесі ата-анасы таңдап берген салада оқи алады деп ойлайсыз ба?
Иә, өзі оқыған мамандығының жемісін көріп отырған адамдар қаншама. Бірақ сонымен қатар, неше жылын сарп етіп, оқыған мамандығы бойынша жұмыс істегісі келмейтін, келсе де, өз саласында орын табылмай, қара жұмыстың құлы болып жүргендер де аз емес.
Ата-ананың да, баланың да ескеруі керек жәйт, әрбір жас азамат таңдайтын мамандығының құндылығын білуі тиіс. Мамандық таңдаудың өзі болашағымызға инвестиция.
Анели Абайқызы
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір