05 Қазан, 2023 Барлық аймақтар
Семейде елес қыз ұсталды
Жексенбі күні кешке қаланың жерасты өткелдерінің бірінде "елес" костюмін киіп, қала тұрғындарын қорқытқан 22 жастағы Семей тұрғынына айыппұл салынды.
Фото: ашық дерек көзінен алынған
Полицейлер қоғамдық жерде қала тұрғындарының тыныштығын бұзып, өтіп бара жатқан адамдарды келбетімен қорқытқан құқық бұзушының жеке басын анықтады.
Оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы 1-бөлігі бойынша құқық бұзушылық жасағаны үшін материал жиналды. Сот қаулысымен қыз кінәлі деп танылып, 69 000 теңге айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
⚠️Абай облысының полиция департаменті қоғамдық орындарда тәртіп сақтауды және азаматтардың тыныштығын бұзбауды сұрайды.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір