10 Қазан, 2023 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қараша айынан бастап жолақыны ұялы телефонмен төлейтін алматылықтар 5 теңгеге метромен қатынай алады. Бұл туралы Алматы метрополитені баспасөз қызметі хабарлады.
31 желтоқсанға дейін созылатын науқан кезінде кез келген банктің Mastercard картасы байланыстырылған Google Play, Apple Pay немесе Samsung Pay қосымшалары арқылы метроға контактісіз ақы төлеуге болады.
"Жалпы, метрода жол ақысын бірнеше тәсілмен — қолма-қол ақшамен, картамен, метро және Оңай жол картасымен төлеуге болады. Демеушілердің бастамасымен жыл соңына дейін алматылықтар метроға бес теңге төлеп, діттеген жеріне жете алады. Төлем мобильді құрылғы арқылы іске асады. Басқа тәсілдермен төленген жол жүру құны өзгеріссіз қалады – 100 теңге", — деп атап өтті Алматы қаласы метрополитенінің кірістер жинау қызметінің басшысы Жазира Баймұхамедова.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір