• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Қараша, 16:06:26
Алматы
+12°

Депутат Мақсат Толықбай еліміздегі темір жол мәселесін көтерді. Ол қазіргі вагондардың сапасын сынға алып, министрге сауал жолдады. 

"Совет заманындағы вагондар сүйретіліп әлі жүр. Сапа болса нөл. 60 пайызының тоз-тозы шыққан. Министрлік не дейді? 2030 жылға дейін жарылқаймыз дейді. Бірақ біздің ҚТЖ-ға бәрібір. Сол жердегі менеджерлерге біздің темір жол сапасының құны көк тиын. 26 жылда жарылқай алмаған саланы 7 жылда жарылқайды дегенге жан баласы сенбейді. Айтатындары ертегі, айтатындары аңыз. Қалған вагондардың 80 пайызы тозып, екі қолымызды мұрнымызға тығып отырмасымызға кепілдік бере аласыз ба министр мырза?", деді Мақсат Толқыбай.

Бұдан бөлек депутат темір жолдағы билет бағасына қатысты да өз пікірін айтты. 

"Терезесі ашылмайтын, кондиционерлері істемейтін, қабырғасында таракандар жүретін ескі вагондардың өзіне жазды күні билет таппайсың. Билет бағалары қымбат. Алайда біз билеттерді субсидиялау үшін жыл сайын миллиардтарды санап береміз. Пойыздардың кешігіп жүретінін айтпай-ақ қояйын. Тоқетері мынау: Ескі Қазақстанның мұрасы болып қалған.темір жол мәселесін қашан шешесіздер? 26 жыл күттік. Әлі қанша күтеміз? Заманауи вагондарға кезексіз, тиімді бағада мінетін күн туа ма бұл қазаққа?", деді Мақсат Толықбай. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір